Маңғыстауда әскери теңізшілер жауынгерлік кемелерді жазғы кезеңге дайындап жатыр

None
Фото: gov.kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында теңізшілер кемелерді жазғы кезеңге дайындап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери қызметшілер қару-жарақтың жай-күйін тексеріп және анықталған ақауларды жояды. Қару-жарақ пен әскери техниканы ауыстыру жөніндегі іс-шараларды кеме, әскери бөлім командирлері техникамен жұмыс істеу кезінде авариялар мен бұзылулардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау сабағынан бастады.

Қару-жарақ пен әскери техниканы ауыстыру бір ай ішінде үш кезеңде жүргізіледі. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - жазғы кезеңде жоғары жауынгерлік дайындықты және сенімді, үздіксіз жұмысты сақтау.

Қазіргі уақытта дивизионда дайындық кезеңі аяқталды. Осы уақыт ішінде жеке құрам кемелерде және қайықтарда ақауларды анықтады. Сонымен қатар кеме техникалық құралдарының жай-күйін тексерді және техникалық жағдай актісі мен ақаулықтарды жою жоспарын жасады.

«Жазда кемелерді ауыстыру аясында біз негізгі қозғалтқыштар мен дизель генераторларының мотор майын тексеруден және ауыстырудан бастаймыз. Отын сүзгісін жуамыз, құбырлардың жоғары қысымды ауасымен үрлейміз. Біз электр жабдықтарының, арнайы құралдар мен байланыстардың жұмысын тексереміз. Сондай-ақ, кемелерде орнатылған қару-жарақ жүйелері мен механизмдерін ақауларды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - дейді материалдық-техникамен қамтамасыз ету бойынша әртекті кемелер дивизионы командирінің орынбасары Қази Абиев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанның Әскери-теңіз күштері қысқы оқу кезеңінде жауынгерлік дайындық жоспарын толығымен орындады.


Соңғы жаңалықтар