Маңғыстауда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстауда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«1 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Сол күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимад», делінген хабарламада.