Маңғыстауда ауладағы құдыққа түсіп кеткен екі бала мерт болды

МҰНАЙЛЫ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылдық округінде жеке тұрғын үй ауласындағы құдыққа екі бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда ауладағы құдыққа түсіп кеткен екі бала мерт болды

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 және 11 жасар екі жеткіншек - бір үйде тұратын ағайындылардың балалары.

Қайғылы жағдай бүгін 15:30 шамасында болған.

«Ауыз су құдығының тереңдігі - 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар екен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр» делінген хабарламада.