Маңғыстауда автобус жүргізушісі кондукторын өлтіріп тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаөзеннің төрт тұрғыны 23 жастағы жігітті өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Маңғыстауда автобус жүргізушісі кондукторын өлтіріп тастады

Жас жігіттің денесі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен табылды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған төрт күдіктіні қолға түсірді.

Іс материалдарынан белгілі болғандай,  қаза тапқан жігіт автобустардың бірінде кондуктор болып жұмыс істеген. Ол жұмыс күні аяқталған соң барлық ақшаны алып, жоқ болып кеткен. Бірнеше күн өткен соң, оны автобус жүргізушісі тауып алады. Ол өзінің сыбайластарымен жігітті жалдамалы пәтерге алып барып, сол жерде өздерінің арам ойларын іске асырады.

«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде төрт күдікті ұсталды. Олар аса ауыр қылмыс жасағандарын мойындап отыр. Сол күні барлығы алкогольдік ішімдік ішкен. Ішімдіктің босаған бөтелкелерімен жас жігіттің басынан ұрған. Жігіт алған жарақаттары салдарынан қаза тапқан. Оның денесін сол үйдің жертөлесіне тастап кетіпті. Екі күн өткеннен кейін жігіттің денесін полицейлер тауып алды», - деді Жаңаөзен полиция қызметі.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімінің 5,3,7 және 9-тармақтары («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Полицейлердің айтуларынша, егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.