Маңғыстауда автогаз станциясында болған өрттің себеп-салдары анықталуда

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 5 қазан күні «КазГПЗ» зауытының маңында автогаз станциясында газ тасымалдаушы көлікке газ құйып жатқан кезде жарылыс болып, екі көлік өртенді. Оқиғаның мән-жайын «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Маңғыстауда автогаз станциясында болған өрттің себеп-салдары анықталуда

Өрт арнайы қызмет өкілдері келгенше сөндіріліп үлгерген.

Оқиғаның салдарынан қатты күйік алған 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ 1966 жылы туған әйел адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға болған жерге жеке құрамнан 11 адам, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы мамандандырылған 2 техникасы жетті.

Өрттің себеп-салдары нақтылануда.

null