Маңғыстауда азық-түлік бағасын шектен тыс көтергені үшін 20 кәсіпкер жауапқа тартылған

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемеақысын 15%-дан асырғаны үшін 20 кәсіпкерлік субъекті иелеріне әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда азық-түлік бағасын шектен тыс көтергені үшін 20 кәсіпкер жауапқа тартылған

Өңірде былтыр бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шара қолға алынған.

«Аптасына екі рет баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемеақысын 15%-дан асырғаны үшін 20 кәсіпкерлік субъекті иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар тауарларды белгіленген бағамен сатуға 10 кәсіпкерлік субъектісіне 8 түрлі азық-түліктің 3816,2 тоннасын өндіруге немесе жеткізуге келісім-шарт жасалды, - деді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева.

Сондай-ақ «Айналым механизмі» бойынша 9 түрлі азық-түліктің өнімін жеткізуге 738,4 млн теңгеге төмен пайызбен қарыз берілді.