Маңғыстауда балық өсіру көлемін 52 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстауда балық өсіру көлемін облыста арттыру бойынша 2030 жылға дейін 218 млрд теңгеге 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы 8 жылда балық өсіру көлемін 52 мың тоннаға дейін жеткізбек.

Өңірде 2022 жылы балық шаруашылығынан бюджетке 47 миллион теңгеден астам түсім болған. Басқарма басшысының айтуынша, бұл салаға мемлекеттік қолдау бойынша биыл 10,5 млн теңге бөлініп, оның 9,532 млн теңгесі игерілген.

«Қазір мемлекет тарапынан бұл салаға тиісті қолдаулар артып келеді. Тек жұмысты реттеп, жандандыру керек. Ол үшін нақты жоспарлар қойылып, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Балықшыларға қолдау көрсетіліп, олар да өздеріне қатысты жауапкершілік ала білулері қажет. Осы кәсіппен айналысып жүргендерге айтарым - нақты ұсыныстарыңызды реттеп бізге беріңіздер, талқылаймыз, нақты жоспар жасайық. Ашықтық болсын. Тетігін тауып балық өсіру мен аулауды заңды кәсіп көзіне айналдыра білуіміз керек», - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар