Маңғыстауда биыл 6 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында биыл 6 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда биыл 6 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта өңір «жасыл аймақта». 2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін 5786 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Коронавирус - бүкіл әлемді жайлаған дерт. Оның салдарын да көріп жүрміз. Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы біздің қолымызда. Сол себепті өңір тұрғындарын жеке гигиена талаптарын сақтауға, дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтынуға шақырамын. Адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес беремін. Сондай-ақ облыста ковидке қарсы вакцина бар екенін еске салғым келеді» - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.

Тұрғындарға инфекциялық 7 стационарда 108 төсек орын дайындалған. Стационарларда науқастар саны 14 желтоқсанда 3 адам болса, бүгін 12 адамға яғни 4 есеге көбейді.

Өңірге 707 680 доза вакцина жеткізілген.