Маңғыстауда биыл ажырасқандар саны 3 есе азайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда биыл ажырасқандар саны 3 есе азайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбаев мәлім етті.

Маңғыстауда биыл ажырасқандар саны 3 есе азайды

Оның айтуынша, биыл Маңғыстау облысында 563 жұптың некесі бұзылған. Ал, өткен жылы 1 724 отбасы ажырасқан.

«Бұл - әрине, қуантарлық жағдай. Биыл ажырасқандар санының азайғанын пандемияға байланысты деп ойлаймыз. Яғни, адамдар көп уақытты үйде, өзінің отбасымен өткізді. Осы арқылы түсініспеушілікке, жанжалға жол берілмеді», - деді Айзат Тіленбаев.