Маңғыстауда биыл жол апатынан 46 адам қайтыс болған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда жыл басынан бері 268 жол-көлік оқиғасы болып, 46 адам көз жұмды. 342 адам жарақаттанды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Амангелді Халмұрадов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, жол-көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп отыр. Оқиғалардың басым бөлігі жаяу адамдарға қатысты. Атап айтар болсақ, жаяу жүргіншілер 128 жол оқиғасына ұшыраған. Ал, малға соғу бойынша 5 оқиға болып, 2 адам қаза тапты және 8 адам жарақаттанды.

«Құрметті жүргізушілер, жылдамдық режимін сақтауларыңызды, жол қозғалысы ережелерін бұзбауларыңызды, жаяу жүргіншілерден жолдан өту кезінде мұқият болуларын, шаруа қожалықтары иелерінен үй жануарларын қараусыз жібермеулерін, төрт түлікті жарыққа шағылысатын ленталармен қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. Адам өмірі бәрінен де қымбат. Сондықтан, жүргізушілер өзінің, жолаушылардың және өзге де жол қозғалысы қатысушыларының өмірі мен денсаулығына немқұрайлылық танытпағандығы абзал», - деді Амангелді Халмұрадов.


Соңғы жаңалықтар