Маңғыстауда «Болашақ» шекара бекеті ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан-Түрікменстан шекара шебінде ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өңірлік басқармасы 2018 әскери бөлімінің «Болашақ» шекара бекеті салтанатты түрде  ашылды.

Маңғыстауда «Болашақ» шекара бекеті ашылды

Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

2018 әскери бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының транзиттік аймағы болып табылатын Қазақстан-Түрікменстан бағытындағы Мемлекеттік шекараны сеніммен күзетіп келеді. Осыған дейін шекара заставасының күнделікті қызметтік - жауынгерлік іс-әрекеттері жылжымалы модуль типтерінде ұйымдастырылып келген болатын. Енді әскери құрам жаңа бекетте Отан алдындағы парызын орындай алады.

null 

Ашылу салтанатына арнайы барған облыстық мәслихат хатшысы Серікбай Тұрымов Қазақстан шекарашыларының халық пен елдің мүддесіне риясыз қызмет ететіндігіне, әскери антқа және қызметтік парызға адал болатындығына сенім білдірді. 

null null 

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты