Маңғыстауда бүгін коронавирус анықталған адам — ауыл тұрғыны

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы анықталған адам — 37 жастағы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының тұрғыны, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Маңғыстауда бүгін коронавирус анықталған адам — ауыл тұрғыны

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша одан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқас аудандық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
21 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде 13 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.