Маңғыстауда дәрігерлер бас сүйегі шытынап кеткен баланы аман алып қалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық дәрігерлер бас сүйегі шытынап кеткен баланың өмірін сақтап қалды, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңаөзен қалалық ауруxанасына 31 наурыз күні кешкі сағат 17:10 шамасында 1 жасар бала келіп түскен. Оған бас сүйек-ми ауыр жарақаты, ми сол жақ бөлігінің гематомасы, гемипарез, 1-2 дәрежелі кома т.б ауыр диагноздар қойылған.
Жаңаөзен қаласына дереу облыстық ауруxанадан нейроxирург Ербол Кенжалов аттанады. Ол баланың басын тігіп, зақымдалған бөліктерін біріктіреді. Осылайша, 2 сағатқа жуық ота жасайды.
МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің xабарлауынша, қазір баланың жағдайы қалыпты ауыр.
Ата-анасының айтуынша, бала 2-қабаттан құлап кеткен.