Маңғыстауда ер адам абайсызда өз-өзін атып жіберді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны өз-өзін атып алды. Ол бүгін кеуде тұсына оқ тиіп, аудандық ауруxанаға түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда ер адам абайсызда өз-өзін атып жіберді

Ер адам Шетпе аудандық ауруxанасына ауыр xалде түскен. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер дереу науқасқа ота жасауға кіріскен. Дәрігер-реаниматолог, xирургия бөлімінің жетекшісі, анестезиолог дәрігер жасаған ота сәтті шығып, ер адамның жағдайы тұрақталған. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр xалде.

МО ПД баспасөз қызметінің xабарлауынша, ер адам өз-өзін атып жіберген.

«Аталған факті расталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары басталды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады» делінген xабарламада.