Маңғыстауда есірткі таратқан 15 сайт бұғатталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда өткен жылы құқық қорғау органдары есірткі тарататын 110 сайтты бұғаттаса, биыл 15 сайттың жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ есірткі саудасын тоқтату бағытында үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазуларды жойған.

Айта кетейік, прокуратура, құқық қорғау және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру ұсынылды. Топтың мақсаты-нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынушыларды анықтап, жастардың есірткіні қолдануға немесе заңсыз айналыма тосқауыл қою.

«Өткен жылы есірткі қылмыстары үшін 300-ге жуық ададм сотталды. Биылғы жылдың 3 айында 40 адам сотталған. Оның ішінде осы алтауы синтетикалық есірткімен байланысты қылмыс. 1 апта бұрын ұлттық қауіпсіздік комиттеті 4 азаматты ұстады. Олар Каспий теңізі арқылы 15 кг жуық опи есірткі затын сатуға алып келген. 4 азамат қазір соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр» деді Маңғыстау облыстық Прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Жалпы биыл өңірде есірткі қылмысы 49%-ға төмендеген.


Соңғы жаңалықтар