Маңғыстауда газ бағасын бір мезгілде көтерген 54 бекеттің иесіне айыппұл салынды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда сұйытылған мұнай газының бағасын бір мезгілде көтеру түрінде бәсекелестікке қарсы келісім деректері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облыстық прокуратурасы сұйытылған мұнай газы нарығындағы заңдылықтардың жай-күйіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде, 54 газ құю бекетінің иесіне, сондай-ақ газ өңдеу зауытына 60 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, монополиялық табыс тәркіленген.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, тексеріс және талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар заң бұзушылық анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар сот тәртібінде жауаптылыққа тартылды», - деді Маңғыстау облысы прокуратурасының 3-басқарма бастығының орынбасары Файзулла Жаңабаев.
Сондай-ақ, арнайы бағдарламалардың көмегімен электрондық сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалау үшін сұйытылған мұнай газы нарығындағы субъектілердің сөзбайласуы анықталды. Бүгінде кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылған.
Прокуратура сұйытылған мұнай газы нарығындағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы ескертеді.
Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото