Маңғыстауда індетке шалдыққандар саны көбейсе карантин талаптары күшейтілмек

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда індетке шалдыққандар саны көбейсе карантин талаптары күшейтіледі. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің хабарлауынша, өңірде 2020 жылдың 27 наурызы мен 12 қазан аралығында (шағымы, шағымсыз) 3362 COVID-19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1147 шағымы бар, 2215 шағымсыз науқас анықталып отыр.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар - 72 науқас, емделіп шыққандар - 3267 (97,1%). Облыста барлығы коронавирустың шағымы бар түрін жұқтырған 1147 науқас тіркелді, оның ішінде Ақтау қаласы - 470, Жаңаөзен - 157, Түпқараған - 38, Қаракия - 75, Маңғыстау - 41, Мұнайлы - 168, Бейнеу - 198 болды.

«Коронавирус инфекциясымен ауырғандардың ішінен сырттан әкелгендер - 6 жағдай, жергілікті - 870 жағдай (өздері қаралғандар - 647, скрининг - 223), қарым-қатынаста болғандар - 271 жағдай. Инфекция жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері-74, мүгедектер-9, жұмыссыздар-285, оқушылар-43, зейнеткерлер-261, әскери бөлімдерден-18, кенорындағы тамақтандыру «Каспиан Фуд» мекемесінен-9, әскерге шақырылғандардан-4, «ТеңізшеврОйл» қызметкерлері-35, өндірістік мекемеде-130, мемлекеттік қызметкерлер-24, студенттер- 21, тағы басқалар-167, бала-бақша қызметкерлерімен мұғалімдер-23, ішкі істер қызметкерлері-10», -деді Ғазиз Надуев.

Облыста 2020 жылдың 13 қазанына ПТР тәсілімен мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда барлығы 120 756 адам тексеріліп, оның 3362 оң нәтиже берді. Ұлттық сараптама орталығында бүгінгі таңда 15 мыңнан астам тест сынамасы бар. Эпидемиологиялық тексеру қорытындысымен қарым-қатынастағы адамдардың анықталған саны-7353, оның ішінде жақын қарым қатынаста 5355 (72,8%), ықтимал қарым қатынаста-1998 (27,2%). Зертханалық жолмен 6223 адам тексеріліп, оның 271 (4,4%) оң нәтиже берген.


Соңғы жаңалықтар