Маңғыстауда ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы ІІД Жаңаөзен қ. ІІБ криминалистері 4 жолаушының өліміне алып келген ірі жол апатының себебін тергеуге кірісті. Кеше кешке «Жаңаөзен-Құланды» тас жолында Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым жерде «Лада ВАЗ-2115» пен «Mitsubishi Pajero» джипі соқтығысты.

Маңғыстауда ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты

«Жаңаөзен қалалық №13 мамандандырылған қызметінің пультіне хабарлама 11 тамызда 20:54-те келіп түсті. 12 минуттан кейін 21:06-да «Газельге» жабдықталған мамандандырылған көлік оқиға орнына жетті. Машинаның гибро жабдығы апат  кезінде зардап шеккен адамдарды алып шығуда сәтті қолданылып келеді.

Оқиға орнына жеткен қызметкерлер екі зардап шеккен адамды және екі адамның мүрдесін тапты. Оларды сол жердегілер қирап қалған көліктен шығара алмаған. Екі мүрде майысып қалған «Лада ВАЗ-2115» көлігінің ішінде болған, оларды көлікті кескеннен кейін барып алып шықты. Қаза болғандар саны 4-еу. Зардап шеккендер шұғыл медициналық көмек дәрінгерлеріне табыс етілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД-ның Өрт сөндіру және АҚЖ қызметі бастығының орынбасары Н. Селімов.