18:09, 24 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Маңғыстауда КамАЗ-ға соғылған жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау-Шетпе тас жолында Ford және «КамАЗ» автомобилдері соқтығысып қалды, деп жазады Lada.kz

Жол апаты 22 желтоқсан күні Шетпе кентінің іргесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Ford тізгініндегі 54 жастағы жүргізуші жалғыз өзі Ақтаудан Краснодарға кетіп бара жатқан. Қарсы бетке шығып кеткен ол «КамАЗ» жүк көлігімен бетпе-бет соғылған.
«Мұнайшы» құтқару бекетіндегі апаттық медицина орталығының мамандары оқиға орнына аттанды, олар 13:23 те Ford жүргізушісінің ауыр жарақат салдарынан көз жұмғанын анықтады.
Қазір аталған оқиғаның анық-қанығын жауапты орындар тексеріп жатыр.