Маңғыстауда Каспий теңізіне дизель отынының төгілуі бойынша тергеу басталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Аташ ауылындағы «Батыс Мұнай Транс» мекемесінің жанында тұрған «КАНТА» кемесінен теңізге шамамен 300 литрдей дизель отыны төгілгені анықталып, тергеу жұмыстары басталды, де хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда Каспий теңізіне дизель отынының төгілуі бойынша тергеу басталды

Экологтар ластанған судан сынама алды. Сондай-ақ ҚР кәсіпкерлік кодексінің 144-4 бабына сәйкес тексеру жұмыстары басталды.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабына сәйкес тергеу жүргізілуде. Компания тарапынан теңізді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысы орынбасарының м.а. Ержан Жұмашев.