Маңғыстауда Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалі басталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі .

Каспий жағалауы  елдерінің  I халықаралық театр фестивалі Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бастамашылығымен және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Фестиваль «Қазақстанның Еңбек Ері», КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналады.

Фестивальдің мақсаты - Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу; театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру; бірлескен шығармашылық жобаларға және кәсіби қарым - қатынасқа жағдай жасау; жұртшылық назарын қазіргі заманғы жаңа театрлық үдеріске аудару.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,- делінген. Ал ұлттық мәдениетімізді жасайтын және оны сақтайтын тұлғаларымызды ұлықтамасақ, өскелең ұрпақ кімге қарап бой түземек.  Ел-жұрт, жастар еліне еңбегі сіңген тұлғаларды білуге тиіс. Сол себепті бүгінгі «Каспий жағалауы елдерінің І халықаралық театр фестивалінің» Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілуі бекерден-бекер емес. Ол еліміз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш, тәрбиелік маңызы зор оқиға. Себебі ағамыздың өнердегі бейнесіне тек Өзіміз ғана емес, Өзгелердің де қызығушылығы басым. Асаналы Әшімовтің өмір жолы мен шығармашылығы өсіп келе жатқан жас буынға үлгі», - деді ашылу рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

Фестивальге қатысуға Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің  кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары шақырылды. Шараға Ресей, Әзербайжан, Иран және Қазақстан елдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар