Маңғыстауда келесі жылы мұқтаж жандарды баспанамен қамтуға 300 млн теңге бөлінбек

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларды тұрғын-үймен қамту мақсатында 300 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда келесі жылы мұқтаж жандарды баспанамен қамтуға 300 млн теңге бөлінбек

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев журналистермен болған брифингте айтты.

Жыл басынан бері 1 млн. шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілген. Жыл соңында 1,2 млн. шаршы метр үйді қолданысқа беру жоспарланған.

«Келесі жылға 46 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оған 6 млрд теңге бөлінді. Оны 4,8 млрд. теңгесіне 37 өтпелі жобалар, 1,2 млрд теңгесіне 9 жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Негізгі мақсат – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар) қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінде облыста аталған категорияда 8 491 отбасы бар»,-деді Әлихан Қыраубаев.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолжетімді тұрғын-үймен қамту мақсатында 300 млн. теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Транспорт инфрақұрылымын дамытуға - 17 млрд. Теңге жұмсалс, оның ішінде жолдар құрылысына 10 млрд. теңге бөлінбек.