Маңғыстауда лауазымды шенеунік жемқорлық қылмысы үшін сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.
Ақтау қалалық соты айыптыны лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдалану фактілері бойынша кінәлі деп таныды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салды. Сотталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.