Маңғыстауда мектеп ішінен әжетхана салуға 171 млн теңге бөлінеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2020-2022 жылдарға арналған өңір бюджеті облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда мектеп ішінен әжетхана салуға 171 млн теңге бөлінеді

Келесі жылы өңірдегі 63 мектептің ішіне әжетхана салынбақ. Осы мақсатта облыс қазынасынан 171 млн теңге бөлінеді.

Әсіресе, ауылдық жерлердегі әжетханаларды қамту көзделіп отыр. Қазір облыс бойынша 5 ауданда және 2 қалада жалпы білім беретін 139 мектеп бар.