Маңғыстауда мұнай саласына жұмысқа тұрғызам деп елден ақша жинаған алаяқтар ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау және Жаңаөзен қалаларының тұрғындарынан мұнай саласына жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жолмен ақша алған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда мұнай саласына жұмысқа тұрғызам деп елден ақша жинаған алаяқтар ұсталды

Алаяққа алданғандардың бірі – Ақтау тұрғыны. Ол «мұнай саласына жұмысқа орналастырып беремін» деген адамға 6 млн теңге көлемінде ақша берген.

Дәл осындай арызбен полицияға арызданғанның екіншісі – жаңаөзендік. Ол алаяқтарға 1 150 000 теңге көлемінде шығынданған.

«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 45 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны мен 27 жастағы күдікті әйел анықталып, ұсталды»,-деп мәлім етті полиция департаментінен.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.