Маңғыстауда өртенген көліктегі 6 өзбекстандықтың бәрі Хорезм тұрғындары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда өртенген машинада болған өзбекстандықтардың болжалды тізімі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ӨР ТЖМ сайтына сілтеме жасап.
Бұрын хабарланғанындай, 2018 жылғы 1 наурызда Ақтау - Бейнеу автожолында, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы маңында 90 S 830 JA нөмірлі «Лада Ларгус» жеңіл машинасы 737 DPA/12 нөмірлі «Shacman» жүк көлігімен соқтығысқан болатын.
Салдарынан автомобиль өртеніп, оқиға орнында 7 адам қаза тапқан, соның алтауы Өзбекстан азаматы болған.
ӨР ТЖМ Өзбекстан Республикасының ІІМ және Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе жүргізілген шаралар нәтижесінде «Лада Ларгустың» ішінде болуы мүмкін алты өзбекстандықтың тұлғасын анықтады. Олар: Аллаяров Расулбек Кузибоевич, Душамов Зокир Куранбоевич, Рахимов Шерзод Сапарбоевич, Бегназаров Мардонбек Хушнуд угли, Мадаминов Гайрат Розматович, Балтаев Махмуджон Сабуржан угли. Олардың барлығы Өзбекстанның Хорезм облысының тұрғындары болған.
Фото: nuz.uz