Маңғыстауда өткен жылы көлік иелері VIP номер сатып алуға 116 млн теңге жұмсаған

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда өткен жылы көлік жүргізушілері ерекше номер сатып алуға 116 446 071 теңге жұмсаған. Бұл қаржыға олар 425 номер сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВИП, яғни ерекше нөмірлер 7 санатқа бөлінеді және олардың құны нөмірге байланысты қымбаттай береді. Ерекше номерлер 57 АЕК, яғни 196 650 теңгеден басталады. Бұл санатқа 010-нан 090-ға дейінгі номерлер кіреді. Ал керісінше ең қымбат номерлер қатарына 001 -ден, 009-ға дейінгі қос нөлмен басталатын номерлер мен 777 номері кіреді. Аталған ерекше сандардың құны бірдей сериямен 285 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

«Ең қымбат номерлер бірдей сериасымен 285 АЕК, ал сериясы өзгеретін болса 228 АЕК. Көлік жүргізушілеріне қалаған серияны таңдап алуға мүмкіндік бар», - деді Маңғыстау облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жұпарбек Жарменов.

Маңғыстаулықтар арасында 010, 070 және 077 номерлері сұранысқа ие. Сондай-ақ аймақта 012 мен 362 номерлерін алатындар қатары жылдан жылға артып келеді. Ал осындай ерекше номерлер алу тәртібі жеңілдей түскен.

«Біздер сөреге қою үшін VIP номерлерге тапсырыс бере алмаймыз. Өйткені қазір жүйе қойылды, онда жеке адам өзі келіп өтінім береді. Төлем ақысы жасалғаннан кейін өтініш орындалатын болады», - деді Жұпарбек Жарменов.

Айта кетсек, 2022 жылы 425 маңғыстаулық көлік иесі 116 млн. теңгеге ерекше номер сатып алған. Ал ВИП номерлер өтінім бергеннен кейін екі апта ішінде дайын болады.


Соңғы жаңалықтар
telegram