Маңғыстауда сатып алу заңнамасын бұзған ауыл әкімі жазаланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданы, Баутин ауылының әкімі Дәулеткерей Меңдіхановтың үстінен түскен арыз Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дәлеткерей Меңдіxанов Баутин ауылы әкімдігімен М. Горький атындағы мектеп-лицейі мен Ж. Мыңбаев атындағы гимназияның оқушыларын тасымалдау бойынша өткізілген конкурс ережесін бұзған.

Яғни, аталған мемлекеттік сатып алу конкурсына өтінім білдірген 3 жеке кәсіпкерден лотты ұтып алғанына көтеріңкі бағамен шақырту жіберген.

Бастапқы қаражат көлемін өзгертіп берген.  Осылайша, ол заң бұзушылыққа жол берген. Бұдан басқа, ауыл әкімі Дәулеткерей Меңдіхановтың мемлекеттік сатып алу конкурсының нақты қорытындысы шыққанға дейін аталған жеке кәсіпкермен бір көзден сатып алу тәсілімен келісімшартқа отырғаны белгілі болды.

Айта кету керек, Әдеп кеңесінің отырысында әкімді қызметінен босату жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Алайда комиссия әкімнің кінәсін мойындағанын ескере отырып,  оған ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданды.

Соңғы жаңалықтар