Маңғыстауда шекарадан заңсыз өткен Өзбекстан азаматы ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда шекарадан заңсыз өткен Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда шекарадан заңсыз өткен Өзбекстан азаматы ұсталды

Құқық бұзушы соттың санкциясымен уақытша изоляторға қамалды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматын мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде маңғыстаулық шекарашылар ұстаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 392 – бабы – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген облстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қазақстанға кірмекші болған шетел азаматы деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып табылады.