Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне арнайы тақтайшалар ілінді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің есімі жазылған тақтайшалар орнатыла бастады. Қазір облыста 22 майдангер қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне арнайы тақтайшалар ілінді

Олардың үйінің алдына тегі мен аты жазылған белгілер қойылды. Шараны «Жас Отан» жастар қанатының бастауымен Ақтау қаласының әкімшілігі ұйымдастырды.

Тақтайша алдымен, ардагер Қамқа Үмбеталиқызының үйіне ілінді. Майдангер 95 жаста. Сұрапыл соғысқа небәрі 19 жасында аттанған. Қиыр Шығыс майданының 9-Әуе Армиясында ұрыста болған. 1945 жылы Жапониямен болған соғыста әскери ұшуларға қатысқан.
null  

«Жаяу әскерге алмады. Әлсізсің. Немістермен күресе алмайсыңдар»,- деді. Сонда да берілмедім. Сендер тек төбеден бомба лақтырасыңдар деген тапсырма берілді. «Дуглас» деген ұшақтың арқасында тірі қалдық. Жол қанша метр қалды, қанша жылдамдықпен ұшып келеміз, қанша ұшақ бізге ұшып келе жатыр. Бәрін айтып тұрады»,-дейді сол жылдарды еске алған ардагер Қамқа Үмбетқалиқызы.
null 

Қамқа апа бейбіт өмірде де қазақ елі үшін қызмет еткен жан. Әскери қызметтен босағаннан кейін мұнай өнеркәсібінде еңбек еткен.

Тақтайшаның бірі Станислав Сухоностің есігінің алдына қойылды. Ол майданға 17 жасында аттанған. Ерлігімен тарих парағына өшпес із қалдырған ардагер Қара теңіз флотында фашистік суасты қайықтарына қарсы шайқастарға қатысқан.

«Соғыс жылдарында өте ауыр болғанын айтады. Шағын кеме бірнеше рет суға батып кете жаздады»,-дейді.

«Соғыс кезінде 10 күн бойы нәр татпастан жүрген кезіміз болды. Суымыз батып кеткен. Сонда да тірі қалуға барымызды салдық. Көмек келгенін күттік. Өз күшімізбен жағаға жеттік. Ал, майдан біткесін бізде тек 2 пулемет қалды. Темір іздегіш қойды. Қара теңіз бойында батып кеткен кемелерді іздедік. Немістің қаншама кемесін таптық»,-дейді ол.

Игі амалды қолға алғандар болашақта жастар ұйымдарының бастарын біріктіріп, майдангерлерді тек мереке күні емес, әрдайым көңіл бөлуге шақырды. Себебі, олар қайсарлықпен шайқасып, кеудесін оққа тосты. Жеңіс туын желбіретті.

nullnull