18:31, 11 Қаңтар 2019 | GMT +5
Маңғыстауда студенттердің жаппай төбелесінде 3 адам жарақат алды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау гуманитарлық колледжінің алдында бір топ студент төбелесіп, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде олардың төбелескен видеосы тарап кеткен. Оқиға Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық университетінің алдында болды. Мектеп директоры төбелестен кейін ата-аналар жиналысы болғанын айтады. Студенттердің бірі тергеуге алынған.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бап, 2-бөлігі бойынша Ақтау қалалық ПД сотқа дейінгі бірыңғай тізілімне енгізілді. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Төбелестен 3 адам зардап шекті» делінген хабарламада.