Маңғыстауда су тапшылығы мәселесін шешу көзделіп отыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау өңірінде су мәселесі өзекті. Су тапшылығы күніне 35 мың текше метрді құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда су тапшылығы мәселесін шешу көзделіп отыр

Осы мәселені шешу мақсатында қазіргі таңда «Каспий» су тұщыту зауытының тәуліктік қуатын 40 мыңға дейін кеңейту жұмыстары басталды. Жобаға бөлінген қаражат құны 10,6 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде республикалық қазынадан 1 млрд теңге қаралған.

Жалпы, қазір 5 ауданда да әлі су құбырлары тартылмаған елді мекендер бар. Соның ішінде келесі жылдан бастап Жетібай, Шетпе, Жармыш, Басқұдық, Қызылтөбе, Маңғыстау-5, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары мен Жаңаөзен қаласы Мерей шағын ауданында сумен қамтудың 27 жобасы іске асырылмақ.

Егер аталған жобалар сәтімен жүзеге асса, елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 75%-тен 79%-ке артады деп күтілуде.