Маңғыстауда су тұщыту зауыты салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда су тұщыту зауыты салынады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі шешу үшін су тұщыту зауытын салу қажет. Сол себепті, бүгін өңірге ресми сапармен «BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад пен «Астана Қызмет-КЗ» ЖШС директоры Болат Ыдырысбаев, «SafBon Water Service (Holding) Inc.»  мекемесінің бас менеджері Ванг  Ксиан келді. Олар Маңғыстау облысында су сұщыту зауытын салуды көздейді. Сондықтан, арнайы жоба дайындап, облыс әкімі Ералы Тоғжановқа және жиынға қатысушыларға таныстырды.

Айта кетейік, «BeltWay Group Limited» компаниясы 1995 жылы Шанхайда құрылған. Бүгінде мекеме әлемдік деңгейде, түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп келеді.

«BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад жобаны іске асырып, ең озық технологияны пайдалануға дайын екенін жеткізді. Жоспар бойынша зауыт Құрық ауылынан 22 шақырым жерде орналасады. Зауытқа қуатты газ-турбиналық электр стансасы береді. Ол күніне 80 мың текше метр су береді. Сондай-ақ болашақта оның қуаттылығы арта түспек. Тұщытылған сумен «ӨзенМұнайГаз» АҚ, Жетібай, Құрық ауылдары мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларын қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, бұл жоба өңірде ауылшаруашылығы саласын дамытуға тың серпін бермек.

Жиын соңында облыстық әкімдік пен компания арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов жобаны дайындау және жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар