Маңғыстауда табиғи парк өкілдері тобынан адасып ұша алмай қалған аққуға қамқорлық жасады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы Айрақты тауының маңында тобынан адасып ұша алмай қалған жалғыз аққу табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда табиғи парк өкілдері тобынан адасып ұша алмай қалған аққуға қамқорлық жасады

Құс Шетпе ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Иір жеріндегі Айрақты тауының маңында қалған.

«Шетпе ауылының бір азаматы аққуды көргенін айтты. Біз парктің ғылыми қызметкерлерін жіберіп алдырдық. Әбден шөлдеп қалған екен. Жем-суын беріп, аудан аумағындағы шағын көлшікке апарып жібердік», - деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі басшысының айтуы бойынша аққу одан әрі ұшып кетуі тиіс. Ол бүгін қалып қойған болуы мүмкін.