Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткендер анықталды

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Әлеуметтік желідегі бейнеден кадр

«Полиция қызметкерлері шар тәріздес тастарды алып кеткендердің жеке басын анықтады. Құқық бұзушыларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылатын болады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кету керек, Торыш – шар тәрiздi конкрециялар (шарлар) алқабы. Маңғыстау облысының ең көрікті жерлерінің бірі.


Соңғы жаңалықтар