01:00, 29 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Маңғыстауда Toyota полиция көлігін соқты
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Toyota полиция көлігін соқты.
Абырой болғанда жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап lada.kz хабарлайды.
Жол апаты 28 желтоқсан күні сағат шамамен 12:30-да болды.
Ведомствоның мәліметінше, Toyota Ipsum маркілі көлік қарсы жолақтағы жолға шығып кетіп, полиция көлігімен соқтығысқан.
«Жүргізушінің екеуі де медициналық тексеруден өтіп, екеуінің де есірткі немесе спирті ішімдік қабылдамағаны расталды. Toyota көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 610 бабы бойынша, хаттама толтырылды. Жүргізуші өзінің кінәсін мойындады»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.