Маңғыстауда түйені қағып кеткен көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік апаты Маңғыстау ауданындағы Шетпе-Жынғылды күре жолында орын алған. Полицияның мәліметтерінше, Daewoo Nexia көлігін басқарып келе жатқан Ақтау қаласының 21 жастағы тұрғыны жол үстіне шыға келген түйені басып кетті.
None
None

«Жол апатының зардаптары қайғылы болды: жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 51 жастағы жолаушысы, Өзбекстан азаматшасы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір жолаушы, 20 жастағы жігіт жабық бас сүйек-ми зақымы, бас миының соғылуы және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады жол-патрульдік полицияның қызметкерлері.

Жол апатында түйе де өлген, деп хабарлайды lada.kz.

Фото из архива «Лады»

Соңғы жаңалықтар