Маңғыстауда түйені қаққан көліктегі екі адам көз жұмды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда «Lada Xray» автокөлігі түйені қағып, оқиға орнында екі адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда түйені қаққан көліктегі екі адам көз жұмды

Оқиға Бейнеу - Шетпе республикалық маңызы бар тасжолдың 93-шақырымында болған.

«Lada Xray» автокөлігі жол бойында екі түйені қаққан. Жол-көлік апатынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды», - делінген мәліметте.

Аталған дерек Бейнеу ауданы ПБ СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.