Маңғыстауда зейнеттік жасқа жеткен əжей ұзатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде зейнеттік жасқа жетіп қалған әжеміздің ұзатылып жатқан видеосы тарай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Пікір білдірушілердің сөзіне сенсек, 56 жастағы қалыңдықты құтты мекеніне шығарып салу рәсімі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткен.

Бейнетүсірілімнің басқы бөлігінде «жас келінді» туған-туыстар өз үйінен шығарып салып жатады. Ол дəстүр бойынша сыңсу айтып, қоштасады. Ал видеоның соңына қарай қуанған ағайын-туыстың, соның ішінде ұзатылып жатқан əжейдің шат-шадыман биін тамашалауға болады. Сондай-ақ түскен шаңырақтағы әжейдің бетін ашу рəсімінен фото да бар.

Фейсбук пайдаланушыларының бірі әжейге бақыт тілесе, бірі «немере сүйетін жасқа жеткеннен кейін, мұнша рәсім ұйымдастырудың қажеті жоқ еді», деген пікірлерін білдіруде. 

 

Соңғы жаңалықтар