Маңғыстауда жалақыны уақытында бермей келген 77 мекеме басшылығы жауапқа тартылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жүргізген тексеріс барысында 722 тәртіпбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жетекші орынбасары Шыңғыс Дүйсенов мәлімдеді.

Құқық бұзудың көпшілігі еңбекақыны уақытында бермеу (122) мен еңбек демалыстарын беру мерзіміне (32) қатысты болған.

Биылғы 11 айда мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтар жазған 1066 шағым негізінде 405 тексеріс жүргізді. 2018 жылдың осы мерзімінде 779 азамат арызданып, 264 тексеріс жүргізілген болатын. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11 ай ішінде тексеріс саны 53%-ға артқан.

Жүргізілген тексеріс барысында 772 тәртіпбұзушылық анықталды.

Алдағы уақытты мұндайды болдырмас үшін мемлекеттік инспекторлар 301 шешім шығарып, 121 әкімшілік жаза қолданды. Оның ішінде жалпы соммасы 18,1 млн теңге болатын 103 айыппұл мен 18 ескерту бар.

2019 жылдың 11 айында 45 жазатайым оқиға болып, нәтижесінде 51 жұмысшы зардап шекті, үшеуі тіпті адам өміріне қауіп төндірді. Өткен жылдың осы айымен салыстырғанда зардап шеккендер саны 6 адамға азайған (2018 жылы 57 адам жарақат алып, олардың 7-і қаза тапқан).

Өндіріс саласы бойынша, мұнай-газ мекемелерінің қызметшілері көбірек зардап шегетіні анықталды.

Биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік инспекторлар 953,4 млн теңге еңбекақыны қайтарып, 9 652 жұмысшының құқықтары қорғалды.

Қарыз болғаны үшін 77 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 11,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар