09:16, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Маңғыстауда жеңіл автокөлік түйемен соқтығысып қалды, адам шығыны бар
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында түйемен соқтығысып қалған «Мазда» автокөлігінің бір жолаушысы құрбан болып, оның жүргізушісі мен тағы екі адам ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға кеше Бейнеу кентінен 15 шақырым жерде сағат кешкі 20.30-да орын алды.