Маңғыстауда жол апатынан 11 адам зардап шекті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Шетпе-Жетібай бағытында жолдағы көлік апатынан 11 адам зардап шекті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда жол апатынан 11 адам зардап шекті

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. Жол апатынан зардап шеккендер Жетібай ауылдық ауруxанасына жеткізілді.

2 ер адам апаттан қаза тапқан. Ал, тағы бір жігіт қазір ауыр xалде жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның миы шайқалып, басына зақым келген. Тағы 3 әйел әр түрліжарақатпен облыстық ауруxанаға жеткізілді.

Зардап шеккендер арасында туғанына 19 күн болған сәби де бар. Бала қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.