Маңғыстауда ЖРВИ жұқтырған науқастар саны артты

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстауда ЖРВИ жұқтырған науқастар саны артты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді қадағалау бөлімінің бас маманы Мадина Рахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда ЖРВИ жұқтырған науқастар саны артты

Бүгінгі күнге дейін зертхана арқылы дәлелденген 97 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 86 ересек адам, 11-і 14 жасқа дейінгі бала. 86 ересек адамның ішіндегі 55-і жүкті әйелдер.

«Өткен 2021-2022 жылдың эпидемиологиялық маусымының осы кезеңінде жедел респираторлы вирусты инфекцияның 69 793 жағдайы тіркеліп, көрсеткіші – 9220,81 құраған болатын. Салыстырмалы түрде аурудың деңгейі -1,2 есеге жоғарылап отыр»,- дейді Мадина Рахметова.

Сондай-ақ облыста амбулаторлық және стационарлық деңгейде 25 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Тұрғындарға инфекциялық - 7, стационарда 108 төсек орын қызмет атқаруда. Стационарларда науқастар саны 1 қаңтарда 9 адам болса, бүгінгі күні 6 адамға, яғни 1,5 есеге төмендеді. Төсек-орын толымдылығы - 5,5%. Реанимациялық төсек саны - 22, емделіп жатқан адам жоқ», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева.