Маңғыстаудағы қуаңшылық: Мал азығы қорын жасауға қосымша қаражат бөлінеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Сессия барысында депутаттар қысқы мал азығы қорын жасауға қосымша қаражат бөлуді мақұлдады. Атап айтқанда, қосымша 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 26200 тонна жем мен 4000 тонна шөп сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыруға, тұтынуға берілген ауыз су құнын субсидиялауға, Ақтау қалаішілік маршрутының 6 бағыты бойынша автопарктың жаңартылуын субсидиялауға және т.б. бірқатар әлеуметтік маңыздағы мәселелерді қаржыландыруға келісім берді.

Жиынға қатысқан Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде іске асатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар