Маңғыстаудағы «Құрық-Жетібай» жолы биыл жөнделеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат «Құрық-Жетібай» тас жолы күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жолдың 64 шақырымының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте осылай мәлім етті.

64 шақырым болатын «Құрық-Жетібай» автожолын қайта жөндеуге 11 млрд теңге қажет.

«Жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Үкімет мақұлдап, республика тарапынан қаржыландыру шешілсе, биыл жол құрылысын бастап кетеміз»,-деді аудан әкімі Қ.Беков.

Айта кетейік, ауданда жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша ағымдағы, орташа жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына барлығы 2018 жылға 52 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Ауданда Жетібай-Жаңаөзен, Қызылсай, Ерсай-Құрық бағытындағы жолдар салынып, кейбірі күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, биыл Құрық ауылының орталығында әбден тозығы жеткен 7 шақырым жол жөнделетін болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram