Маңғыстаудағы мектептер бейнебақылау жүйесімен толық қамтылған ба

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы 50 мектептің бейнебақылау жүйесі облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына, ал 38 ауыл мектебі жергілікті полиция басқармасының күзет бөлімшелеріне қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева мәлім етті.

«Бүгінде 50 қалалық мектептің бейнебақылау жүйелері облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына, ал 38 ауылдық мектептері жергілікті полиция басқармасының күзет бөлімшелеріне қосылды. Аталған шаралар Ақтау қаласының 26 мектебіне, Жаңаөзеннің 24 мектебіне, Маңғыстау ауданындағы 22 мектепке және Мұнайлы ауданының 16 мектебіне жүргізілді»,- деді басқарма басшысы.

Жалпы Маңғыстау облысы бойынша 143 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Бұл қауіпсіздік шараларды аудан мектептерінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Облыстағы 143 мемлекеттік мектептің барлығында бейнебақылау жүргізіледі. Қосымша бейнекамералар сатып алынып жатыр. Талаптарға сәйкес, мектептердегі аналогтық камералар цифрлік камераларға ауыстырылуда»,-деді Светлана Төлебаева.

Аталған шаралар ҚР Білім және ғылым, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министірліктерінің бірлескен «Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2021 - 2022 жылдарға арналған бірлескен жол картасы» аясында іске асырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар