Маңғыстаудың қатаң тәртіптегі түзеу колониясының басшылары пара алды деген күдікке ілінді
Айта кететін мәселе, мемлекеттік мекеме - қатаң тәртіптегі түзеу колониясы. Ол Ақтаудан 15 км қашықтықты өнеркәсіп аумағында орналасқан.
«Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты осы іс бойынша барлығы 4 адамды - колония бастығы, оның екі орынбасары мен ГМ-172/6 мекемесінің жедел бөлімінің бастығына қатысты «қамауға алу» жөніндегі шара қолдануды санкциялады. Оларға ҚР ҚК 366 бабы, 3 тармағы, 1 тармақшасында қарастырылған пара алу түрінде мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр»,-деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұраханова.
Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері тарапынан сотқа деййінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.