Маңғыстаудың табиғаты туралы мақала National Geographic Qazaqstan журналына шықты

«National Geographic Qazaqstan журналы - Ұлттық географиялық қоғамдастықтың Қазақстандағы ресми басылымы. Халықаралық танымалдыққа ие журналдың 1 маусым күнгі кезекті санында Үстірт пен Тұзбайыр елді мекендері туралы мақала беттелді. Шетелдік туристерге тартымды өлке туралы жыл соңына дейін жұмбаққа толы, айырықша 30 жер туралы эксклюзивті түрде үш тілде арнайы жазба жарияланады. Журналдың ресми өкілдері маусым айында түбекке арнайы саяхаттап келеді. Келесі турды жалғастыру мақсатында қыркүйек айында тілшілер қасиетті мекенге тағы бір мәрте табан тірейді», - деді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев.
Мақалада өлкенің көрікті мекендерінің бірі Тұзбайыр сорының сиқырлы бейнесі мен тылсым тарихы көркем суреттелген.

Сондай-ақ саяхаттан кейін National Geographic Qazaqstan журналы абыздар мен әулилер мекені болған Маңғыстаудың көрікті жерлерін таспалап, алдағы уақытта көрме ұйымдастырмақ. Бұл өңірдегі туризм саласының дамуына әсер етері анық.
