Маңғыстаудың түйелері тұрғындарды таңғалдырды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жол ережесін бұзбай, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан түйелер тұрғындардың таңданысын туғызды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойсылқара малының бұл әрекетін куә болған жүргізушілер бейнекамераға түсіріп алған. Олардың айтуынша, түйелер асықпай, ешкімге кедергі келтірместен, жолдан өтіп бара жатыр.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының да қызығушылығын туғызды. Біреулер «ақылды түйелер» деп баға берсе, енді біреу «басқа жол жоқ болғандықтан амалсыз өткен ғой» деп аяушылық білдірді.