01:38, 04 Сәуір 2023 | GMT +5
Маңғыстауға Қызыл кітапқа енген қарабай құсы ұшып келді⠀
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауға Қызыл кітапқа енген қарабай құсы ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарабай құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Маңғыстауға күзгі және көктемгі көші-қон кезінде ұшып келеді. 2022 жылға дейін өте сирек кездесетін. Өткен жылы да ұшып келді. Қарабайлар өңірде Қаракөлге келеді», - деді «EcoJer» қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов.
Экологтың айтуынша, қарабайлар Каспийдің солтүстік жағалауында және Еділ мен Орал, сондай-ақ Атыраудан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде Оралдың төменгі ағысында ұя салады. Бұрын Сырдарияның төменгі ағысында, Торғайда және Іле алаптарын мекендеген.